...

Кетпе/Ketpe

Добро пожаловать на развлекательный портал Кетпе

УАҚ
Уақ тайпасының рулық-тайпалық құрылымын анықтауда оның қазақ халқының этногенезі мен этникалық процесінде атқаратын қызметі туралы қысқаша айта кету қажет. уақтың жалпы таңбасы: , ,

Ұраны «Жаубасар».
А. Левшин бұл тайпаны: Тәуке хан құраған және ол үш рудан: уақ, керей, тарақты руларынан тұрған деп пайымдайды. Егер А. Левшинге жүгінер болсақ, уақ тайпасы XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында құрылған деп есептеу керек, алайда бұл тұжырым тарихи шындыққа сай келмейді. Ә. X. Марғұлан уақтардың тегін XIII ғасырдағы мәліметтерге сүйене отырып, ертедегі керейлерден шығарады.
Уақтардың тарих аренасындағы қалыптасу кезеңі туралы Ш. Ш. Уәлиханов өз еңбектерінде құнды деректер келтіреді. Бұл Алтын Орда ыдырап, халық аңыздарында уақ тайпаларынан Ер Көкше мен Ер Қосайдың есімдері аталатын кезең. Орта жүз аңыздарын негізге ала келіп, Ш. Ш. Уәлиханов қазақтар «өздерін батырлар жырларында сансыз көп ноғайлы жұрты аталатын Алтын Орда татарларының ұрпағы ретінде санайды» деп жазды. Қазақ эпостарындағы ноғайлыға қатысты жыр жолдары осының айқын куәсі.
«Ер Көкше», «Ер Қосай», сондай-ақ «Қамбар батыр» эпостарында уақ тайпасының қалыптасу тарихы жөнінде мәліметтер келтірілмегенімен, олардан (эпостардан) тайпаның басынаи өткерген түрлі оқиғалары, оның тарихта есімі мәлім дара тұлғалары туралы құнды деректер кездестіруге болады.
«Никон жылнамасына» сүйене отырып, Ш. Ш. Уәлиханов Ер Көкшенің (жылнамада «Кокчю») өмірде болуының тарихи нақтылығын және оның қаза тапқан уақытын 1423 жыл деп біледі.
Ал уақтардың шығу тегі туралы халық аңыздарында не айтылады? Шежірелердің бірқатары Уақты Керейдің інісі, басқа біреулері ағасы деп санайды. Аңыз бойынша, Керей мен Уақ ағайынды адамдар. Осы екі тайпаның үнемі бірге көшіп жүретіні, қыстауы мен жайлауының жақындығы, керейлердің саны көп тайпа ретінде саны аз тайпа уақтарға құрмет білдіретіні, расында да Керей мен Уақтың туыстығын көрсетеді.
Керейлер мен уақтардың туыстығын уақтардың шежіресінен де байқауға болады. Онда, әдетте барлық шежіреде айтылатындай, рудың шығу тегі арғы бабасы Уақтан емес, қайта аты аңызға айналған Жаубасардан басталады. Мүмкін, Жаубасар Керейден тарайтын бұтақ болар?
Уақтарда өздеріне ортақ рулық таңбамен қатар, керейлердің таңбасына ұқсас тағы бір таңба бар. Бұл керей мен уақтардың туыстығының бір дәлелі болып табылады,
Бұл тайпалардың өзара жақындығы күмәнсіз, кезінде мұны А. Левшин, Ш. Ш. Уәлиханов, Н. Аристов, өз еңбектерінде атап өткен, шежірешілер мен көнекөз қарттардың есінде сақталған аңыздар да соны қуаттайды.
Уақ тайпасының төменде келтіріліп отырған шежіресі этнографиялық экспедициялардың ел арасынан жинаған жазбаларына, халық эпосының деректеріне негізделген. Бұл арада Ноғай заманындағы қазақ эпосында сақталған батырлар есімдерінің транскрипциясы жайында айта кеткен жөн, ондағы: Нар Бөкше Нар Көкше, Ер Бөкше -Ер Көкше және т. б.
Қырғыздың «Манас» эпосын зерттей келіп, В. М. Жирмунский онда («Манаста») шығу тарихы жөнінен қазақ-ноғай эпосында ұшырасатын бірқатар батырлардың есімдері бар екенін, мұның өзі, сөз жоқ, бұл халықтардың этномәдени түп-тамырларының ортақтығын көрсететінін атап айтқан. Эпоста Ер Көкше бірде қалмақтарға қарсы күресте Манастың одақтасы ретінде көзге түседі, ал басқа бір нұсқа бойынша Манаспен жекпе-жекте қаза табады.
Қазақ эпостары «Ер Көкше», «Ер Қосай» және «Манас» эпосының тарихи бөлімдері қалмақтарға қарсы соғыстар жағдайында өрбиді. Г. Н. Потанин Ақмола қазақтарынан жазып алған эпоста Ер Қосай (Ир Госай) қара қыпшақ Қобыландыға қарсы үздіксіз соғыс жүргізеді. Эпостарда ала-құлалық жиі кездеседі, Уақ тайпасынан шыққан батырлардың жорығы туралы да бірнеше нұсқалар бар. Эпостың әр түрлі нұсқалары болуын белгілі бір тарихи уақыт аралығымен түсіндіруге болады, мұндай жағдайда белгілі бір оқиғалар белгілі бір топтың, белгілі бір ру, тайпалардың мүдделерін көздейді немесе жаңадан жасалатын идеологияға сәйкес ой елегінен өткізіліп, өзгертіліп отырады. Сондықтан да Уақтың аңызға айналған кейіпкерлері мен оның ұрпақтары бірде қалмақтарға қарсы соғыспен, бірде өз тайпаластарына қарсы күреспен байланыстырылады т. б. Бірақ эпос мәліметтері ғылыми тұрғыда нақтылауды талап етеді, ал бұл арада мұндай міндет қойылып отырған жоқ. Егер тарихи жағынан анықтық жайында айтар болсақ, бәлкім, Кокчю (Ер Көкше) 1423 жылы қаза тапты дейтін Никон жылнамасының мәліметтерін қабылдап, бұл адам нақты өмір сүрген деп санауға болар. Бірақ, бұл да тек жорамал.
Пенза гарнизондық жаяу әскер полкінің майоры К. Миллердің Жоңғарияға сапардың нәтижелері туралы жазбасында (1742 жылғы 28-қыркүйек) оның өзі жоңғарлармен көршілес көшіп жүретін Уақ-Керей руына барғаны хабарланады. Құжаттарда және кейбір зерттеушілердің еңбектерінде уақтар мен керейлерді бір ру етіп көрсету жиі кездесетін құбылыс. Бұл тайпалардың тарихи тағдырлары тығыз ұштасып жатыр және бұл тайпалардың рулық түп-тамыры ортақ екені аңыздарда да айтылады. Осы екі тайпа қауымдары көбінесе бірге көшіп жүрген және өз жайылымдарын, мүліктік мүдделерін қорғағанда әулеттердің дауларында бір жақ болып қимылдаған. Сонан соң, 1742 жылы Ресей бодандығына ант берген құжатта Уақ-Керей руының атынан жалғыз Ақбота батыр қол қоюы да көп сырды аңғартса керек.
Осьморыжск форпостысына жақын Ертіс шебінде «Баба-Керей» деп аталатын Уақ болысының бір бөлігі көшіп жүрген.
Сібір әскерлерінің командирі генерал-поручик И. Шпрингердің Уақ болысы қазақтарының орыс бодандығын қабылдауы туралы рапортына (1770 жылғы сәуір) сәйкес бұл рудың орналасқан жерін, атап айтқанда Ертіс шебі бойында Озерный станицасынан Ақтасқа дейінгі Семей бекінісіне жақын орналасқанын анықтауға болады. И. Шпрингер жаңадан бодандыққа кірушілердің санын көрсетпейді, бірақ оның айтуынша, олар 5000-ға дейін жауынгер шығара алады.
Уақтардың Ертіс шебі бойында орналасуы капитан Андреевтің «…Суреттемесінде» неғұрлым егжей-тегжейлі хабарланады. Өскемен бекінісінен Семей бекінісіне дейінгі кең даланың бір жерінде ғана Уақ болысы орналасқан:
З-Уақ болысы Қойбағаш (қойбағыс М. М.), Жаныбай, ІІІоқа, Ергенек (ергенекті-уақ М. М.), Шоға (шаға М. М.), Сіргелі, Бидалы, Бықашқан, Күлді, Майшабар ұрпақтарына бөлінеді. Қонысы Талицк форпостысынан Долонс форпостысына дейін Ертіс өзенінің төменгі сағасында және жаз кезінде Ертіске жақын жерде көшіп жүреді, ешқашан далаға ендеп кіріп кетпейді.
Ертіс бойымен Семей бекінісінен төмен қарай Грачевск станицасы маңында Ертіс өзенінің аралдарында Уақ болысының Шоқа атасы көшіп жүреді.
Покровск бекінісінің дала жағындағы өңірде Атығай (Арғын), Уақ-Керей және Қыпшақ «аралас болысы» көшіп жүрген.
Уақтар тек керейлермен ғана емес, басқа жүздің руларымен де, мысалы, Кіші жүздің Жетіру руымен де бірге көшіп жүрген. Мысалы, үш атасында 8000-дай шаңырақ болған жетіру-уақ-керейлер жаздыгүні Есіл өзені бойындағы және Жайылма көлі маңындағы жайылымды жайлағанда, қыста Ертіс маңында қыстаған.
Әр түрлі жүзге жататын рулардың бұлайша бірге мекендеуін шаруашылықты жүргізу сипатының өзімен – көшпенділікпен түсіндіруге болады, бұл орайда жазғы жайылымда әр түрлі жүздің рулары тоғысатын болған да, уақыт өте келе, экономикалық (жайылымның жетіспеуі), туыстық (негізгі бұқарадан наразылық білдіру ретінде көшіп кету) және басқа себептерге байланысты әр түрлі ру топтарынан көшпенді қауым құрылған. Мұндай көшіп кетіп орын ауыстыру сирек ұшыраспаған, сонымен қатар Орта жүз жерінен басқа жүздің руларын да кездестіруге болады. Кейде керісінше де болып отырған. Мәселен, сегіз атадан тұратын уақтар (2500 шаңырақтай) Ойыл өзені бойында, яғни Кіші жүздің жерінде қыстаған да, жаздыгүні Кіші жүздегі Байұлы тайпасының Жаппас руы жайылымына көшіп баратын болған.
Уақ тайпасының рулары мен аталары жоңғарларды қуып шығу кезеңінде қазақтардың Орталық және Шығыс Қазақстанға қайтып оралуы тұсындағы жалпы ағын бойынша қозғалған.
Бастапқыда уақтардың бірнеше қауымы Ерейментау жазығына (мысалы, Тұраққопа алқабы) қоныстанған да, басқалары Ертістің оң жағалауына (Арқатау тауы жазығына) кеткен. Ерейментаудан олар Ертістің сол жағалауына, Шар, Ащысу секілді өзендер бойына көшеді. Ертістің оң жағалауында уақтардың біразы жалға: 1 шаңыраққа 40 тиын, 1 ірі қараға 15 тиын, 1 қойға 5 тиын, әрбір шаңырақтың түтін салығына 30 тиын төлену кабинеттік және әскери жерлерде көшіп жүрген. Жайылым мен учаскелерді жалға алатын ақшасы болмаған кейбір қауымдар Ертістің сол жағалауына, ал басқалары Томск губерниясы мен Алтай таулы округінің жерлеріне кетеді. Мысалы, Жансары руы 1876 жылға дейін Алтай таулы округінің жерінде қыстап жүрген де, өзінің Семей облысына қосылуы себепті Ертіске көшіп келуге мәжбүр болған.
XIX ғасырдың бірінші жартысында уақтар барлық округтерде қоныстанды деуге болады, алайда олар Аягөз, Аманқарағай (Құсмұрын), Баянауыл сыртқы округтері мен Омбы ішкі округінде көп болған.
Салық төлемеген болыстар жөнінде жасалған 1841 жылғы ведомость бойынша, ондайлар: Сарман Уақ болысында 3220 адамы, 736 шаңырағы бар 12 ауыл, ал Шоға Уақ болысында 3999 адамы, 913 шаңырағы бар 14 ауыл болған. Уақтардың екі болысында барлығы 26 ауыл, 1649 шаңырақ, 7219 адам есептелген. Бұл көшпенділер өздерін Уақтан тараған сегізінші буынбыз деп білетін ағайынды Шоға мен Сарманның ұрпақтары (6кесте).
Сібір шебі төңірегінде көшіп жүрген 374 шаңырақ уақтар 7ші казак полкінің жерінен қуып шығарылып, 1844 жылы Аягөз округінің Уақ болыстарына қосылды. Шоға (6 ауыл, 621 шаңырақ) мен Ергенекті уақ (5 ауыл, 430 шаңырақ) біріккен бір Уақ болысы Томск губерниясындағы Бийск округінің жерінде, Черемухов және Белокаменный станицаларына жақын жерде көшіп жүрген. Ал олар барлығы 11 ауыл болып, 1051 шаңырақты біріктірген.
Баянауыл, Ақмола сыртқы округтеріне қосылған уақтардың көпшілігі Томск және Тобыл губернияларында көшіп жүрген.
1849 жылғы деректер бойынша, 4 әкімшілік ауылдан (384 шаңырақ) тұратын Баянауыл уақтары (ергенекті уақ руының Бидалы атасы 6кесте) Томск губерниясының Бийск округіндегі Семияр станицасының маңында, Сарбеубел алқабында, сондай-ақ Тобыл губерниясының Омбы округінде, Песчаный станицасына жақын маңда көшіп жүрген.
1840 жылғы деректерге қарағанда, ашылмақшы болған Көкпекті округі иегінде Делбегетен тауы мен Жартас алқабынан Шар өзеніне, Приказдан солтүстік батысқа қарай 150 шақырым қашықтықта көшіп жүрген уақтардың 170 шаңырағы болған.
Омбы округіндегі казак полктері жерінде көшіп жүрген уақтар көп болған. Мысалы, 5ші, 6шы казак полктерінің жерінде (Құланды даласы) 665 шаңырақ, Ертістің сол жағалауындағы 10 шақырымдық өңірде, 7ші полктің жерінде 909 шаңырақ көшіп жүрген.
Ақмола сыртқы округіне қосылған 10 қауымнан тұратын (898 шаңырақ) Шоға Ергенекті уақ (Бидалы, Жансары аталары 6кесте) рулары да округтен тыс жерлерде: Томск губерниясының Бийск округіндегі Лебяжье, Ямышев, Семияр станицалары маңында: Тобыл губерниясының Омбы округіндегі Качиры және Песчаный станицалары аралығында, Черлак станицасының маңында, сондай-ақ 7казак полкінің жоғарыда аталған станицалар маңындағы жерінде көшіп жүрген.
Сібір ведомствосы жерінің батысында, Орынбор ведомствосының жерімен шектес, Аманқарағай уақтары орналасқан.
Уақтардың шағын топтары Кіші жүздің жерінде, Тамды, Қарақобда және Сарықобда өзендерінің бас жағын мекендеген. Өз тайпаластарынан бөлініп қалған бұл уақтар Кіші жүз рулары (әлімұлы, байұлы тайпалары) арасында қоныстанған. Бұлар, мұнда не жоңғар шапқыншылығынан кейін қалған немесе өз тайпаластарымен ренжісіп, олардан айырыла көшкен болса керек. Соңғысы жиі болатын құбылыс. Мысалы, Орта жүз тайпалары арасынан өз руластарынан бөлініп, Орта жүз қауымдарына кетіп қалғанына көп болған жағалбайлыларды, тамаларды т. б. жиі кездестіруге болады.
Өскемен уезінің жерінде, Бұқтырма өзенінің бас жағында және Аршаты тауының төңірегінде керейлермен бірге уақтардың 68 қожалығы көшіп жүрген.
Семей уезінде уақтардың 5728 қожалығы болған. Төрт болыс пен Қызылқұм болысының бір бөлігі солардан құралған. Олардың орналасқан жерлері Семей қаласынан оңтүстікке қарай Семейтау, Белтерек, Арқалық тауларының жазығы, Ащыкөл өзенінің төңірегі және Ащысу өзенінің бас жағы. Олар Ертістің оң жағалауында уездің 10 шақырымдық өңірін бойлай және одан әрі шығысқа қарай Лебяжье, Черный поселкелері аралығындағы жазыққа орналасқан.
Ертістің оң жағалауындағы Белағаш даласында қазақтар Кабинеттен, Сібір казак әскерінен жалға алған Қараөзек, Қарағанды т. б. «бос дала» деп аталатын жерлерде тұрды.
XVIII ғасырдың аяғында Жалқарағай (Шульба тоғайы) мен Қараөзек (Ремев даласы) ормандары мүлде бос болған. Қыс кезінде бұл жерлерге сол жағалаудан мал айдап әкелініп жүрген. 1780 жылдар шамасында Уақ тайпасынан шыққан Есібар өз руластарымен Жақсы Қараөзекке (Ремев даласы) қоныстанды. Ол кезде бұл қоныстанушылар алым төлемеген. XIX ғасырдың алғашқы отыз жылдығында Семей округтік приказы жаңа қоныстанушылардан Байуақ болысын құрып, ол 1874 жылы оның аты Белағаш болысы деп өзгертілді. Бұл болыста 1444 қожалық болған, ал оның 25,75 проценті уақтардың қожалықтары еді. Белағаш даласындағы түрлі тайпалар руларының өздерін қырық ру деп атағанын көрсете кету орынды.
Павлодар уезінде уақтардың 1399 қожалығы болған. Олар Ертістің оң жағалауындағы 10 шақырымдық өңірден (Крутояр поселкесі Песчаный поселкесі) шығысқа қарай Барабин даласымен шектесіп жатқан көптеген көлдерге дейінгі далаға орналасқан. Уақтар иелігінің оңтүстік шегі Әжі-Болат-Қарасу көлдері бойымен өткен.
Ертіс өңіріне уақтардан негізінен алғанда Бидалы (Ергенекті уақ) тармағының Әжібек, Абырай аталары мен аздаған Шоға руы (6-кесте) қоныстанды.
Қазақстанның солтүстігінде, Петропавл уезінде, уақтар Обаған өзенінің шығыс жағалауында, Алабота, Қойбағар, Шалқар, Жарқайың, Шошқалы көлдерінің жазығында, Есіл, Қойбағар, Түнтүгір өзендерінде көшіп жүрген. Ондаған шаңырақ Теке өзені маңында қоныстанған. Петропавл уезінде 221 ауыл (2260 шаруашылық) болған, бұл барлық шаруашылық санының 19,8 проценті болады. Уезде ергенекті уақ руының қауымдары көбірек те, Шоға руының өкілдері азырақ болған.

уак, уақ, үйсін, уйсин, ұлы жүз, улы жуз, XVIII ЖӘНЕ XIX ҒАСЫРДА ОРТА ЖҮЗ РУ-ТАЙПАЛАРЫ, он сегізінші ғасыр, ,, оң тоғызыншы ғасыр, орта жуз, орта жүз, ру, тайпа, шежире туралы, шежіре, дәстүр, дастур, текст,сөзі,сөздері,создери
3.4 5 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь национальные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которые вам помогут сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб? Ну а почему же не воспользоваться нашим сайтом Кетпе! Наш сайт Кетпе разработан специально для таких больших любителей как вы! Здесь вы найдете любовные истории, гороскоп, сонник, стихи, казахскую родословную, казахские приметы и запреты, молитвы на каждый день, пожелания и советы. Ведь издревле казахи знали свою родословную по семи колен. Как правило, представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Большинство казахов может восстановить 10—25 колен предков в зависимости от рода. Так же есть тамада или асаба по казахский, для проведения торжеств и вечеринок. Для вашего же удобства мы собрали огромную подборку караоке и текстов песен, включающую в себя самых популярных и узнаваемых песен. Вам больше не нужно выезжать куда-либо или дожидаться, пока все ваши друзья соберутся вместе! Отныне вы можете устроить для себя музыкальный вечер самостоятельно и на дому! Вы больше не будете мучиться, наугад напевая свои любимые композиции, не зная точных слов. Теперь вы с лёгкостью сможете выучить множество треков, точно зная, как и о чем они поются. Наша база данных достигает огромных масштабов и хранит в себе тысячи текстов самых лучших и актуальных на все времена композиций. На нашем портале вы сможете найти содержание разных песен самых известных, а также начинающих талантливых исполнителей. С большим усердием подбираем для вас песни, и тщательно проверяем правильность содержания публикуемых текстов. Регулярно обновляем нашу базу данных текстами самых свежих треков, и внимательно следим за всеми выпускаемыми новинками. Специально разработали нашу платформу максимально функциональной, и сделали её в то же время очень простой и удобной в использовании. Благодаря таким особенностям, вы с лёгкостью сможете найти текстовое содержание любой понравившейся вам песни посредством использования поиска. Вы также можете подобрать, что-нибудь новенькое среди разделов. Мы стараемся удовлетворять все ваши запросы и оперативно устранять все проблемы, возникающие в процессе взаимодействия с нашим сайтом. Если вы вдруг не сумели найти текст необходимой вам композиции, или у вас появились какие, либо неполадки во время пользования нашей платформой, вы всегда можете обратиться к нам. Наша команда опытных специалистов тщательно изучит ваше обращение и в кратчайшие сроки исправит все неудобства. Теперь петь любимые песни гораздо легче. Оставайтесь вместе с нами и получите неограниченный и бесплатный доступ к большому сборнику текстов многочисленных песен самых популярных и талантливых исполнителей! Присоединяйтесь к нам и делитесь нашей платформой с друзьями и близкими! Проводите вечера в весёлой и непринужденной обстановке, и наслаждайтесь прекрасной атмосферой, наполненной радостью, музыкой и восточным колоритом! С нами можно связаться в социальных сетях или же по форме Контакты снизу. Спасибо дорогой друг, что уделили внимание нашему сайту, и мы вам говорим Кетпе, что означает не уходи с этого сайта.