Үйден шығарда “Аятул-Күрсиді” оқу керек. Үйінен шығарда “Аятул-Күрсиді” оқыған адам үйіне қайтқанға дейін бәле-жалалардан амандықта болады, жұмыстарында табысты болады. Үйге кірерде де оқыса екі “Аятул-Күрси” арасындағы істері қайырлы, берекелі болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Үйінен шығарда Аятул-Күрси оқыған адамға жетпіс періште үйіне қайтқанға дейін дұға және истиғфар айтады.» (Әййухал уәләд илмихалы)
«Үйінен шығарда “Бисмилләһи тәуәккәлту алаллаһ, лә хаулә уә лә қууата иллә билләһ” деген адам қауіптерден қорғалады, шайтан одан ұзақтасады.» (Тирмизи)
«Үйге кірерде “Ихлас” сүресін оқыған адам жоқшылық көрмейді!» (Әййухал уәләд илмихалы)
Үйге кірерде бір рет “Ихлас” сүресін және бір рет “Аятул-Күрси” оқыған адамның үйіне шайтан кіре алмайды.
Күнде таңертеңгісін «Өзімнің, жанұямның ризықтарын халалдан табуға, ешкімге мұқтаж болмауға, дұрыс ғибадат ету үшін және адамдарға қызмет ете алу үшін жұмысқа барамын» деп ниет ету керек.