Жағажайда шомылу – бақыттың бастауы, жақсылық;
Жағалау қалың қамыс болса – ақша;
Жағасыз көйлек – қиыншылық;
Жағалау – сәттілік;
Жаз – діттегеніңіз орындалады, жақсылық;
Жақ сақалы қалың кісі – көп ақша;
Жақұт көру – шығыннан құтылу, реніштен ажырау, некенің белгісі;
Жалақы – жаңа шаруа;
Жалаңаяқ жүру – қарызға алғаныңды бермесең өкінесің;
Жолдағы жылан – қасиеттің қонуы мүмкін;
Жалт – жұлт еткен затты көрсең , ер сүрінбей ел танымас ат сүрінбей ат жырға болмас Жамбас мүжу – мақсат орындалады;
Жаңа етік сатып алу – аман ердің аты шығар, табыс;
Жаңбыр сіркіресе – ақталу, нөсер – сәтсіздік, күн шығып тұрса – ойлаған ісіңіз орындалады, басыңыз су болса – қуаныш махаббат;
Жаңбыр – ауық- ауық жауып тұрғанын көрсеңіз – сізді біреу қызғанады;
Жаңбырдың суы тез ағып жатса, қуанышқа кенелесіз;
Жаңғақ – қиындықпен келетін ақша, арты береке;
Жаңа үй – күтпеген жәрдем аласыз,
Жапалақ – өлім хабары;
Жапалақтап қар жауса – көп табыс белгісі;
Жапырағы жасыл қалың ағаш – сәттілік;
Жапырағы сары ағаш – қымбат тасты сақина алу;
Жапырақ – көгі сәттілік, құрғағы берекесіздік;
Жар – кедергі; құласаңыз мұратыңызға жетесіз; шығу – маңызды іс;
Жар – жар айтылса – қызғаншақсыз;
Жара – табыс, береке;
Жарқылдаған қос қанат – қос ұл дүниеге келеді;
Жем – ақша;
Жеміс – игілік;
Жер айдау – той, мереке;
Жерге қазық қағу – сарқылмайтын байлығың құтты болсын;
Жер ошаққа от жағу – қызметтің өсуі;
Жираф – түйе бойына сеніп. жылдан құр қалған, аңқау болмаңыз;
Жиһаз – жақсылыққа бет бұрыс;
Жол жүріп келе жатып, шақырым саны жазылған бағаны көрсеңіз – істегі өзгеріс, қанша сан, сонша көмек;
Жол қысқа болса – тауға қайтадан бір қонуға іңкәр болыпсың, алайда оған өжеттілік керек;
Жаңқа жинау – алдауға ұрыну;
Жоңышқа ору – жақсылық, жинау – береке, беру – молшылық;
Жотаға шығу – мақсат орындалады;
Жуыну – барлық достарыңыз көмектеседі, уайымнан құтыласыз, денсаулығыңыз жөнделіп, көңіліңіз қуанады;
Жұлдыз – жарық, бақыт; көп – шексіз бақыт; екеу – қуанышты хабар; құлау күтпеген сәттілік.
Жұмыртқа – жағдайың жақсарады;
Жұмыртқа жарып алу – шығын, көп – молшылық күту;
Жұрт – қуаныш;
Жүген – ат жүгенін қолыңызда ұстап тұрсаңыз – қуаныш. Сәттілік бақыт пен берекелікке ұласады. Ал егерде жүгенді қолдан беріп қойсаңыз – сенгеніңіңіздің кесірінен опық жейсіз. Егерде жүген үзіліп кетсе – ұтыс дұшпандарыңыздың пайдасына шешіледі;
Жүгері – жайқалып өсіп тұрған жүгеріні көрсеңіз, өзіңіз ойлаған мақсатыңызға жетесіз, байлық, береке;
Жүзік – той, алу – сенімді махаббат; жоғалту – айрылу.
Жүзік – жүзік өзіңізге жарасып тұрса – бұл түс жаңа бастайтын іске сәттілік. Ал, егер жүзік саусаққа симай тұрса – сіздің істеріңізде шалалық бар. Ал, майысқан жүзікті түсіңізде көрсеңіз – сіздің өз достарыңыздың арасында беделіңіз жоқ.
Жүзім – молшылық, сәттілік;
Жүзін айнадан көрсе – бұйырмаған бұттан кетер, шығын;
Жүк – көтеру – мақсат орындалады, жатса – күтіңіз, шыдаңыз;
Жүн – мол байлық;
Жібек ағашынан (бутовник) жеміс жинасаң – олжа;
Жібек құрты – күтпеген оңай олжа табыс;
Жібек тоқу – жаңа таныстық, жаңа табыс көзі;
Жіп – ұзын жіп – байлық;
Жіп әр жерден түйінделген болса – достық сенімнің мықтылығы;
Жіп иіргенді көрсеңіз – ерекше таныстыққа бастайды.
Жіпті үзіп алу – өсектен арылу;
Жіптің түйінін шешу – мақсатқа жету;