САБАНТОЙ

Сабантой деген — молшылық

Еңбеккерлік пен іскерлік.

Қамбаға қазына толтырып,

Мерейді тұрғой үстем ғып.

Мәртебе алсақ жоғары,

Үлесін қосар әркім мол.

Бүгіннен өріс алады,

Ертеңге бастар жарқын жол.

Сабантой — тойы ерлердің.

Еселі еңбек — ел ісі.

Өтемі маңдай терлердің,

Сабылған күндер жемісі.

Еңсені көкке көтере,

Еңбекпен келген несібе.

Байлығын елдің еселер,

Өнген дән дала төсіне.

Қалды ғой артта бейнеті,

Төгіліп тердің тамшысы.

Сабантой — елдің зейнеті,

Сабантой — халық алғысы.

сабантой, асаба, тамада, туған күн, туган кун, той, ,
Прокрутить вверх