ЖОЛ ЖҮРУГЕ КАТЫСТЫ

— Сейсенбі күні алыс жолға шықпайды. Сәрсенбі күні жолға шыққан жолаушының жолы болады.
— Жолда кездескен адамнан «қайда барасың? — деп сұрамайды, «жол оң болсын!» деу керек.
— Аттылы жолаушы келсе, атын қазыққа байлап, содан соң ғана киіз үйдің алдына келіп, үй иелерімен сөйлеседі. Егер асыққан жолаушы болса, аттан түспестен, киіз үйдің сыртынан сөйлеседі.
— Жүкпен жолға шыққанда, үйден тұз алмайды.
— Жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды. Ол құдайға астамшылық, күпірлік болады. Жол жүретін адам «Алла жазса», «Алла жол берсе», «Құдай қаласа»,

— Барар жердің дәмі тартса, Жол бойындағы әруақтар қолдап, Алла оңдаса — деп тілек тілегенде, жол бойындағы кедергілердің бәрі аластатылады.
— Жұма күні қөшуге болмайды. Жұма — қасиетті күн. Бұл күні ата-баба әруақтары шаңыраққа келіп, дұға дәметеді.
— Егер жолаушы жол бойында тұмсығы өзіне қарап жатқан аттың немесе түйенің басын кездестірсе, бұл жақсы ырым, ал керісінше болса, онда жолы болмайды.
— Жолаушының алдынан қара мысық кесіп өтсе, жолы болмайды. Егер ит кесіп өтсе, жолы болады.
— Жолаушыға түзге отырған әйел кездессе, жолы болады.
— Алыс жолға шыққан адамдар қара шаңырақтан немесе үлкен кісінің үйінен дәм татып аттанады.

жол жүруге қатысты, жол журуге катысты,ырым, тыйым, дәстүр, дастур, ,
Прокрутить вверх