ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ

— Егінді, шалғынды бейсауат баспайды. Обал болады.
— Көкті жүлса, «Көктей соласың» деп жамандыққа жориды.
— Суға дәрет сындыруға болмайды. «Ағын судың арамы жоқ» деген сөз бар. Бүл суды басқалар пайдаланады.
— Суға түкірмейді, өйткені бүл суды қайта ішуге тура келеді.
— Ағьн суды бұруға болмайды. «Судың да сүрауы бар», «Аққан су арнасымен ақсын», -Бидің жолы ақ, судың жолы сара — деген сөздер бар.
— Қүстардың үясын бұзуға болмайды. Қарғаса, үй ішіңе кесепаты тиеді.
— Торғайдың жұмыртқасын шақсаң, бетіңе шұбар түсуі мүмкін.
— Аққу киелі құс деп саналатындықтан, оны атуға, құс салуға болмайды.
— Қыран құстарды атса, киесі тиеді.
— Киіз үйдің шаңырағына қарлығаш үя салса, балапандары ұшып кеткенше көшпейді. Қарлығаш адамға дос, сондықтан ұясын бұзбайды.
— Байғыз киелі құс болғандықтан, оны ұстап алуға болмайды.
— Үкіні ұстап алуға болмайды. Ұстаған күнде үкісін жүндеп алған соң, бір тойдырып, босатып жіберу керек.
— Жапалақ пен жарқанатқа тиюге болмайды, қарғысы қатты болады.
— Құмырсқаның илеуін бүзсаң, үй ішіңе кесепаты тиеді.
— Бақаны өлтіруге болмайды, жаңбыр жауады.
— Жылан үйге кіріп кетсе, өлтірмейді, басына ақ құйып шығарады.
— Жолбарыс, аюды көп ауламайды, оларды «аң иесі» деп санайды.
— Өсіп тұрған ағашқа балта тигізуге болмайды. От жағуға қураған ағашты, малдың тезегі мен қиын пайдаланады.
— Жабайы анды үнемсіз аулауға болмайды. Қажетіне қарай аулап, қалғандарының өсіп-өнуіне жағдай жасап отырады.
— Қара суды сапырмайды.

коршаган орта, қоршаған орта, ырым, тыйым, дәстүр, дастур, ,
Прокрутить вверх