Тыйымдар
— Белді таянбайды. Себебі жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады.
— Жақты таянбайды. Қайғы-қасіреттен әбден қажыған адам ғана жағын демеу етіп, таянады.
— Жер таянып отырмайды. Жақынынан айырылған адам ғана жер таянады.
— Бетті басуға болмайды. Қайғы-қасіреттен қажыған адам ғана бетін басады.
— Қолды тарақтауға, артқа қусырып жүруге болмайды. Бүл — қолы байланған түтқынды еске салатын жаман ырым.
— Белді босқа буынбайды. Өмірінде перзент көрмеген адам ғана белін босқа буынады.
— Тізені, табанды тартуға болмайды. Ауруға шалдыққанда ғана тізе мен табанды тартады.
— Тізені қүшақтамайды. Бүл — -Үрпақсыз қалдым-, -Қу тіземнен басқа қүшақтар қалмады- деген жаман ырымды білдіреді.
— Жуған қолды сіліксе, ырыс-несібе кетеді.
— Адамға қарап қолды шошайту әдепсіздік болъш саналады.
— Саусақты, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды, бүл да әдепсіздік белгісі.
— Екі қолды төбеге қойып отыруға болмайды. Басына қайғы-қасірет түскен адам ғана екі қолын төбесіне қойып отырады.
— Аяқ-қолды жіппен байлауға болмайды. Себебі бүл қол-аяғы байланған түтқынды еске салады.
— Басты шайқауға, тісті қайрай беруге болмайды. Жүйке ауруына шалдыққан адам ғана осылай істейді.
— Тандай қағуға болмайды. Үй ішінде тандай қаға беру — жаманшылық (өлім-жітім) шақыру белгісі.

