Дәулеткелді – Кіші Жүздің Тама тайпасының құрамына жататын ру. Тама [Әліп] және Жөгі атты аталардан құралады. Әліптің қара шаңырағы осы Дәулеткелді руында. Дәулеткелді өз кезегінде Назар, Дербіс, Бағалақ, Қосым сияқты аталардан тұрады. Дәулеткелді ұрпақтары ертеректе Астрахань жерін мекендесе, кейіннен Бөкей Ордасында, Орынбор өңірлерде өмір сүрді. Одан соңғы қазақ тарихындағы түрлі көтеріліс, толқулардан соң бұл рудың адамдары қазіргі Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарына шашылып кетті. Бұл рудан Баян Байболатұлы, Бұзау батыр, Бақ батыр, Батыр Барақ Бигелдіұлы секілді қазаққа танымал батырлар туса, кейінгі өскелең ұрпақтар арасында жазушы Берік Шаханұлы, әнші Амангелді Сембин, ақын Тынышбай ақым, танымал әнші Сәуле Жанпейісова, белгілі журналист Болатбек Төлепберген секілді жандар бар.
Таманың ішінде Барақ, Бұзау, Жалпақ (Бақ), Есенқарағай, Дәулеткелді аталары күні бүгінге дейін бір-бірімен қыз алыспайды.