...

ДОСТАРҒА

Сыйластықта өмірдің жарқындығы,

Бес саусақтай біледі әркім мұны.

Дәстүрінен достықтың қия өтпейік,

Қолда барда білінбес алтын құны.

Өздеріңнен жоқ, достар, жасырарым,

Жалқайтыңдар жанымның жапырағын.

Әрқашанда сендерге арқа сүйеп,

Бойға жігер, ойға ақыл шақырамын.

Достық атты өлкенің жеріне мен

Алшаң басып көсілем теріне кең.

Тірлігімнің тірегі – шынайы дос,

Достар үшін жырлаймын, тебіренем.

Пана тұтам, қуанып, қысылғанда

Өткізбейтін өткелден тұсың бар ма?

Мен де берем кіршіксіз жүрегімді,

Ақ ниетпен жүрегін ұсынғанға!

достарға, достарга, асаба, тамада, туған күн, туган кун, той, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх