Ұялаған көңілінің төріне күн,
Әр сөзі әзілменен өрілетін.
Досымсың аңқылдаған, жарқылдаған,
Жүрегі аузын ашса көрінетін.
Шағың бұл күй боп шалқып төгілетін,
Еңсең тік, есен жеттің елуге еркін.
Ағайын дос- жараның мәре-сәре,
Қырансың орындаған ердің сертін.
Мейірім шуақ таптым бір өзіңнен,
Ізгілік шамын жақтың жүрегіңмен.
Бойыңда асыл қасиет ағыл-тегіл
Өзіңе зор денсаулық тіледім мен