Қараман Досай ақсақалдың батасы
Қараман Досай ақсақалдың батасы 1946 ж. Амангелді батырға берген
Уа, барша әлеумет!
Сардарға деп бата берейік;
Біріміз қалмай бәріміз,
Батырға түгел ерейік!
Кәріміз бен жасымыз
Патшаға қарсы аттанып,
Ер қаруы — бес қару
Бойымызға ілейік!
Бостандық үшін ту ұстап,
Батырға өмір тілейік!
Қаһарман қол сарбаздар
Көк тілгендей жарқылдап,
Найзағайдай төнейік!
Қарсы келген дұшпанды
Жермен жексен көмейік!
Батыр киген ақ сауыт
Оқ дарысын демейік!
Алтын жапқан ақ жебе
Көздеген жерден дәл тиіп,
Дәлдеп түйреп найзамен
Жау көбесін сөгейік!
Боздақ үшін жан пида.
Көзіміздің қарасы,
Кеңіліміздің санасы,
Өміріміздің мүрасы,
Жалғыз-жалғыз боздақты
Жауға не деп береміз?
Жасаған ие, жар бол деп,
Жанамыз да күйеміз.
Тілегімізді берер күн
Алыс емес, жақын тұр.
Батар күнмен батута
Атар күнмен атуға
Тілек тілеп, қол жайып,
Отыр мынау халқың да.
Қайырлы болсын бағыңыз!
Құтты болсын тағыңыз!
Патшадан көрдік зәбірді,
Қайғылы тұрған шағымыз.
Қайғыдан халық арылсын.
Алтын ерлі ақ боз ат,
Астыңызда арысын!
Қабыл болсын бұл батам,
Әумин! Аллаһу акпар.