Көптен жүрген көңілді етіп алаң,
Қашан отау тігер деп осы балам.
Шаңырақты шаттығым шалқытады,
Жерден тауып алғандай жеті қоян.
Қуаныштан
Толқиды мына жүрек,
Өріс кеңіп-
Жатырмын құдалы боп.
Ашық екен кабағы келінжанның,
Жұрт көңілінен ойлаймын шығады деп.
Айтып жатыр ел түгел пәк тілегін,
Береке мен келеді бақ тілегім.
“Аяғынан келіннің” деген сөз бар,
Өтсін дәйім аялап, нақсүйерін!
Дейді екен
“Той – құдайдың несібесі”,
Өрлей берсін
Жастардың көші, қосы.
Тату-тәтті екі жас ғүмыр кешіп,
Есте қалсын мәңгіге осы кеші.
Қамқор боп,
Мейірбан боп бір-біріне,
Жаманшылық көрмесін тірлігінде.
Бірлігіне бүкіл жұрт қолын соғып,
Ырза болсын көктегі нұрлы күн де.