Кетпе/Ketpe

Развлекательный портал

Жасанды тырнақ жасатарда білу керек нәрселер

Ешкімге де жаңалық емес шығар, кейде біздер, қыздар, жасанды сұлулыққа бет бұрамыз. Жасанды тырнақ жасаймын десеңіз, алдымен төмендегі кеңестерді бір сүзіп өтіңіз:

— Жасанды тырнақ өсіру акрил немесе гель арқылы жүзеге асады. Екі материал да бір химиялық зат, акрилаттардан жасалады. Олардың бірі пайдалы, екіншісі зиян деуге болмайды. Шындығы, бұл екеуі де табиғи тырнаққа зиян келтіреді (менің кейбір әріптестерім осы сөз үшін жоқ шашымды жұлып, қолыма ұстатар еді ау 🙂 ).

— Тырнақты формаға емес, типсаларға өсірген артық, себебі тура тырнақтың үстіне жағылатын акрил/гель мейілінше жаман әсер етіп, тырнақтың бүлінуіне әкеп соқтырады.

— 2-3 күнге жасайтын болсаңыз (той, мереке) онда жұқа қылып салуды сұраңыз. Әрине, олар тез түсіп қалады, бірақ барынша тез түссе, тырнаққа әсері аздау болмақ.

— Мастер сізге маска ұсынбаса, өзі тақпаса, ол салоннан қашыңыз. Не болмаса өзіңізбен бірге маска ала барыңыз. Акрилаттардың өзінен гөрі, сол акрилаттарды ерітетін ликвидтің адам ағзасына зияны көп. Кейде 2 сағаттан аса жасалатын процедура болған соң, онымен дем алу аллергия тудырып, басқа да проблемаға әкелуі әбден мүмкін.

— Мастер френш өсірген болса, үстіне лак, сосын қаттырғыш (закрепитель) жағуын талап етіңіз. көбірекке шыдап, сізді қайта қайта лак жаққаннан сақтайды.

— Егер, мастер “под лак” өсірген болса, онда түрлі-түсті лак жақпас бұрын үстіне түссіз лак жағып берсін. Себебі түрлі-түсті лак тырнаққа сіңіп, кейін сүрткен кезде реңі қалады. Соңынан ашық реңді лак жағам десеңіз әдемі болмай қалады.

— Жасап болғаннан кейін бір екі сағата суға салмаңыз қолыңызды. Мейілінше ұқыпты болып, сауна мен монша дегенді ұмытуға тура келеді.

— Ең соңғысы, тырнақты шешетін болсаңыз (егер ол акрил арқылы өсірілген болса) тырнағыңызға (ар бір саусаққа) арнайы акрил тырнағын алатын сұйықтыққа малындырған мақтаны салып, сыртына фольга орап қою керек. 45 минуттан кейін тырнақ жұмсайып, алып тастауға ыңғайлы болады.

— Гельдің акрилден кем жері, оны ерітіп алып тастау мүмкін емес, тек тырнақтың үстінен тырнақ егеуішпен сырып алады. Ол дегеніміз өз тырнағыңызды да сырып кетеді деген сөз.

жасанды тырнак жасатарда не билу керек, кенес, сулулык,кенестер,казакша кенестер,қазақша кеңестер,лайф хактар,пайдалы кенестер,пайдалы заттар,кыздарга кенестер,кыздарга комек
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь национальные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которые вам помогут сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб?

Этот сайт содержит тексты популярных песен и караоке, весь материал носит ознакомительный и развлекательный характер. Все права на минусы и слова песен принадлежат их правообладателям. По всем вопросам писать на почту: info@ketpe.com