Жиырма бес-сенің басыңа қонған бақ құсы
Жиырма бес-сенің ар-намысыңның сақшысы.
Күрестер күтіп,
Құлшынасың сен самғауға,
Қуаттан сендік қуырылар жердің апшысы.
Жиырма бес деген – жалынды дәурен шырыны,
Жиырма бес деген – дүниенің дүрмек қызығы.
Бойдақтығың да қала алмас бойың тасалап,
Құрық боп түсер арудың бұлғақ бұрымы.
Жиырма бес деген – жөңкілген толқын, тәтті арман,
Өзіңді іздеу өркенді болақтардан.
Аңсатар кейде балалық кезең, бал сәтің,
Қолдарын бұлғап, қиырда қимай қап қойған.
Я Жиырма бес деген-жігітіңнің арқауы
Алдағы күнді, асу мен шыңды аңсауы.
Сағынышың ол, қызға қүштар, жырға әуес,
Буырқаныспен арайлап атар әр таңы.
Жиырма бес — қыран шығатын самғап шыңдарға
Мойымас тіпті тосыннан келген сындарға.
Тербете білгін жердегі бақыт желкенін,
Жүректің отын ұсынып келер жылдарға.
Шағын бұл, досым. жапырақ жайған желкілдеп,
Жиырма бесін түр:
Жадыра, жайна, серпілдеп.
Бәрі де алла.
Шындарға самға тілерім,
Кешетін ғұмыр,
Жасайтын жылдар болсын көп!