Келеді мұртың тебіндеп,
Азамат болдың айбарлы.
Әскерде жігіт көрінбек,
Сақтағын тәртіп, заңдарды.
Мазасыз күндер тұр алда,
Ұйқысыз түндер күтеді.
Қияға самғар қыранға
Талмайтын қанат бітеді.
Жықпағын туын намыстың,
Атанғын өжет, қаһарман.
Қиындықпенен танысқын,
Шынығып жорық, сапарда.
Қайсарлық, қуат қажет-ақ,
Жігіт бол алғыр табанды.
Шыңдайды әлі болашақ,
Танытып досты, адамды.
Хатыңды жиі жаз бізге,
Білдіріп аман-саулықты.
Орындап жүргін әр күнде,
Ковзвод берген жарлықты.
Жауапты күндер тұр тосып,
Бұйрығын берер командир.
Жауынгерлермен бірлесіп,
Еліңе қорған бола біл.