Ел ұлы болу-зор міндет,
Төсіңді керме толдым деп.
Құлқынның құлы болмағын,
Ұлтыңның туы болғын тек.
Тұлпардай зула топ жарып,
Сәулесі түсер – бол жарык.
Бақыт кеп қонып басына,
Жамандық өтсін айналып.
Қиындықтардан ықпағын,
Туыңды қолдан жықпағын.
Мен үшін бақыт қашанда
Бәйгеден озып шыққаның