Келін түссе аямас барын қазақ,
Құдасының айтқанын орындамақ.
Құдалыққа өлтірі апарумен.
Сыйластықтың жалғаған жолын ғажап.
Өліні де ұмытпай, тіріні де,
Қазан асқан жұртына түріп ірге.
Баламыз өз бақытын тауыпты деп,
Қалдырмай түгел салған жілігін де.
Риза болсын деген сөз – өлі, тірі,
Қадірлеу аруақтарды оның сыры.
Өлі-тірі малынан басталады,
Құда -жекжат болудың рәсімі.