...

ҚҰРБЫҒА

Жанымды жебейді бір шуақты үміт,

Қалдың сен жүрегімді тұрақ қылып.

Түндегі шақырасын шамшырақтай,

Дәтіме келем сені қуат қылып.

Сұқтанып қарай берем күнде өзіңе,

Көңілдің күй ойнатып күмбезіне.

Жанарым қарағанда тайқып кетіп,

Қаймығам қарағандай күн көзіне.

Тамсанып сұлулыққа, сүзілемін,

Қиығы қызғалдақтың – қызыл ерін.

Жүргенде жүз қызға да ырық бермей,

Дауылдай тынышымды бұзып едің.

Толқытып тұнық сезім еркім кетті,

Түңлігін үміт көңіл желпілдетті.

Жүрегім қаяу тартқан қайта түлеп,

Сүйгенде сені ғана серпілмекші.

Дәл сендей көргенім жоқ шын асылды,

Қылығың, мінезің де ұнасымды.

Өзіңнен мұратымды тапқандаймын,

Кеудемде махаббаттың гүлі ашылды!

курбыга, құрбыға, тилек, тілек, асаба, тамада, туған күн, туган кун, той, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх